Официальный интернет-ресурс Коргалжынского района

                                Телефон: +7(716)37-21105       
Адрес электронной почты:korgalzhin_kanz@akmola.gov.kz                                                                            

БЛОГ АКИМА

Жанбаев Берик Амантаевич

Аким Коргалжынского района

ГРАФИК ПРИЕМА ГРАЖДАН

ЗАДАТЬ ВОПРОС

БИОГРАФИЯ

        

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Аубакиров Қапсамет

Аубакиров Қапсамет, 1916 жылы  Сабынды ауылында туған. Өскен жерінде мектепте білім алып, кейін Қарағанды қаласында қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша Педагогика институтын бітірген.

    1941жылдың жазында соғысқа аттанды. Ленинград фронтында 311-ші атқыштар дивизиясында әскери міндетін атқарған. 1941 жылдың 6 қазанында қан майданда үлкен ерлік көрсетіп, қатты жараланды. Бір неше наградарарға ие болған. Бір жылға жуық Кемерово қаласында госпитальда емделіп, 1942 жылы туған еліне оралды.

    1942-1947 жылдар аралығында Қорғалжын ауданының білім саласында инспектор және мектеп директоры болып қызмет атқарған.

    1942 жылы үйленді - жолдасы Нұрмағамбетова Балдай, бастауыш сыныптарының мұғалімі болып жұмыс істеген.

     1946 жылдың 6 тамызында нөмір 204/61 Жоғарғы Совет Президиумның Жарлығымен 3-ші дәрежелі Даңқ Орденімен марапатталды.

    1947-1955 жылдар аралығында Ақмола қаласында  Сталин атындағы орта мектебінде ұстаздық еткен. Қызмет барысында өте беделді, сыйлы, абыройлы азамат еді. Екі баланың әкесі болған: қызы - Аубакирова Райхан 1945 жылы туған, ұлы - Аубакиров Баян 1950 жылы туған.

    Аубакиров Капсамет,1955 жылдан өмірінің соңына дейін Сабынды мектебінде мұғалім болды.

    1959 жылдың 7 қаңтарында өмірден өтті.

     Артында қалған ұрпағы  Соғыс батырының есімін мәңгі есте сақтайды!

http://podvignaroda.ru/?#id=80141414&tab=navDetailManAward


Страница создана: 27.04.2020 18:01
Страница обновлена: 27.04.2020 18:01
Просмотров: 129

 

 

Текст