Официальный интернет-ресурс Коргалжынского района

                                Телефон: +7(716)37-21105       
Адрес электронной почты:korgalzhin_kanz@akmola.gov.kz                                                                            

БЛОГ АКИМА

Жанбаев Берик Амантаевич

Аким Коргалжынского района

ГРАФИК ПРИЕМА ГРАЖДАН

ЗАДАТЬ ВОПРОС

БИОГРАФИЯ

        

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Менің атам - майдангер!

      

1941 жылы басталған  соғыста неміс басқыншыларына қарсы күресте табандылық танытып, қазіргі бейбіт күнді көруге қол жеткізіп отырған біздің ағаларымыз бен  аталарымыздың ерлігі. Сол үшін де оларға біздер мәңгілік қарыздармыз .

       Менің атам -  Түсіпбеков Шәріпбек 1917жылы 23 ақпанда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Ұялы ауылында туған.Атам қысқа бойлы,қара торы,орта денелі салмақты адам болған.Атамның мінезі ашық жарқын, бала жанды әрі мейірімді.Атам 1939жылы міндетті әскер қатарына алынған.Ол Литва,Латвия,Эстония жерінде жауынгершілік міндетін атқарып жүргенде туған елімізге неміс басқыншылары соғыс ашты.Отты жылдардың алғашқы апталарында Минск округіндегі  Ус-1атқыштар полкінде одан кейін Смоленск бағытындағы қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Ауыр жарақаттанып әскери госпительде 1,5ай  емделіп шыққаннан кейін  офицерлер даярлайтын курсты бітіріп,кіші лейтенаттық атақ  ғана алды.

Майдан соқпақтары тарау-тарау  3- Украин майданы құрамындағы 431-ші атқыштар полкінде взвод командирі болып жүргенде талай рет жау шептеріне күтпеген жерден шабуылдар жасаған.

    Шәріпбек атамның взводы  бірде жау басып алған деревняны қоршайды. Дұшпан күші басым болғанымен атамның қарулас достары деревняны азат етуі. 1944 жылы 27 шілде күні Смоленск түбіндегі бір деревнядағы үйдің подвалынан  18 неміс солдатын тұтқындап штатқа әкелген. 1944 жылы Венгрияның бір деревнсядағы ұрыста атам бастаған взвод жаудың 33 адамы мен қару-жарақты қолға түсірген. 1943 жылы Дон өзені бойындағы елді мекендерді азат етуде атамның  взводы тағы да ерекше көзге түскен 1944 жылы Венгрия жеріндегі ұрыста қорғалжындық жауынгер  гитлершілердің бекінген шептеріне қырғидай тиіп көп ретте операцияларды сәтті өткізген.Полк командирлері Руденка,Завекилер атамды оң қолы етіп ұстаған.

Атам  II – III -  дәрежелі Отан соғысы Қызыл Жұлдыз және бірнеше жауынгерік медальдар  мен марапатталған .1945 жылы ауыр жараланып,еліне оралған. Бойындағы қажыр - қайратын ел байлығын арттыруға жұмсаған  жүрген атам ұзақ жылдар  бөлімшедегі жем -азық цехында еңбек етіп келген.менің атам ауылына сыйлы ортасында беделді,ақылды,өнегелі, сонымен қоса еңбекқор адам екен.Атам үнемі жастарға ақылын  айтып дұрыс жол сілтеп отыратын болған.Кешегі майдангер ,еңбекқор Шәріпбек атам ауыл тұрғындарының зор ілтипатына бөленіп,алғысқа толы күндерін қуанышты өткізген.Ол 1988жылы 8мамырда өмірден өтті. Мен өзімнің осындай жауынгер, еңбекқор атаммен мақтанамын.

Шөбересі – Мұратбек Қаракөзайым

Ұялы негізгі мектебі

7 – сынып оқушысы

Страница создана: 27.04.2020 17:46
Страница обновлена: 27.04.2020 17:53
Просмотров: 240

 

 

Текст