Официальный интернет-ресурс Коргалжынского района

                                Телефон: +7(716)37-21105       
Адрес электронной почты:korgalzhin_kanz@akmola.gov.kz                                                                            

БЛОГ АКИМА

Жанбаев Берик Амантаевич

Аким Коргалжынского района

ГРАФИК ПРИЕМА ГРАЖДАН

ЗАДАТЬ ВОПРОС

БИОГРАФИЯ

        

Телевидение, радио, печатные издания Официальные интернет-ресурсы госорганов При обращении в госорган за госуслугой


Нұрмағанбетов Қабрахман

Өшпес ерлер ерлігі
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
Ұлы Отан соғысына Қорғалжын ауылынан қайсар да, жас жігіт менің нағашым Нұрмағанбетов Қабрахманда аттанды.
Сол бір сұрапыл жылдары нағашымыз өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелді.
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Соғыс аяқталған соң, нағашымыз елге жалғыз қайтпай өзінің өмірлік серігін Галинадай сұлу да, көрікті татар қызын ала келген екен. Екеуі де жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күнінде алғыс хатпен марапатталып, елінің сүйіспеншілігіне бөленді. Галина апмызда соғыс ардагері. Москва қаласының тумасы, қазақ елі, Қорғалжындай қасиетті мекенге келін болып түскен екен. Қабрахман атамыз екеуі тату-тәтті өмір сүріп, он бала өсіріп, тәрбиелеген. Кейіннен екі жас Теңіз ауданы, Сарыөзен совхозының, Жүкей ауылына көшіп барып,көп жыл мәдениет саласында, ауылда киномеханик болып көп жыл қажырлы еңбек етті. Мәдениет үздігі медальмен марапатталған. Атамыз 1986 жылы дүниеден озды. Өзі өлседе артында өшпес із қалды. Кейін Галина апамыз балаларымен Астана қаласына көшіп барып, сол жақта дүние салды. Екі соғыс ардагерінің ерліктері бізге үлгі-өнеге. Артындағы келешек ұрпағы зор мақтанышпен әр жыл сайын 9 мамырда еске аламыз. Біздің ата-әжеміз майдангер деп қуанышпен жар саламыз.
Біз ардагер аталарымыз бен апаларымыздың ерен еңбегін бағалап, Отанымыздың бейбіт өмір сүруіне үлкен үлес қосамыз. Отанымыздың бейбіт өмірі ол болашағымыздың жарқын жұлдызы. Дүние жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп тілеймін.

Үшсарт ауылы
Үшсарт негізгі мектебінің тәрбие ісінің орынбасары Карабалина Рауза Баяновна.


Страница создана: 05.05.2020 16:44
Страница обновлена: 05.05.2020 16:44
Просмотров: 119

 

 

Текст